Өскеменде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтеді

ӨСКЕМЕН. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтеді.

Ол Дариға Назарбаеваның төрағалығымен 15 депутаттың қатысуымен өтпек. 

Бағдарламада - ғылыми, әлеуметтік, мәдени нысандарды аралау, комитеттің отырысы мен жас ғалымдармен кездесу.

Парламет комитетінің өңірге жасаған сапары екі күнге - 17 және 18 қыркүйекке жалғасады. Кездесудің аясында депутаттар «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің, №45 кәсіби мектептің,  жеткіншектер үйі мен жеке емхананың құрылысымен, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жаңа өндірістермен, ШҚМУ және ШҚМТУ-нің ғылыми зертханаларымен танысып, жас ғалымдармен кездеседі. 

Өңірдің баспасөз қызметінен хабарланғандай, ҚР Парламенті Мәжілісі Комитетінің көшпелі отырысы облыс үшін үлкен маңызға ие.