Бүгін сенаторлар жергілікті мәслихаттар депутаттарымен және облыс активімен кездеседі. Кездесу тақырыбы: «ҚР-дегі жергілікті өзін-өзі басқару және заңнамалық реттеуді жетілдіру перспективалары». Жергілікті өкілетті органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы аяқталғаннан кейін Шығыс Қазақстан тәжірибесінде жергілікті өзін-өзі басқарудың заманауи моделін қалыптастыру және дамыту тақырыбында «дөңгелек үстел» өтеді.
«Дөңгелек үстелдің» модераторлары ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Александр Судьин мен ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Серік Әбденов.