Өскеменде ҚР Үкіметі мүшелерінің қатысуымен экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өтті

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мен ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әйдібековтың қатысуымен аймақтың экономикалық даму мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Бірқатар комитет жетекшілері және Қазақстан Республикасындағы Ресей Елшілігі өкілдерімен қатар олар Ресей және Қазақстанның Мемлекет басшылары қатысатын қыркүйек айының басында өтетін VII аймақаралық форумға Өскемен қаласының қаншалықты дайын екендігіне көз жеткізді.

Аймақтың одан әрі даму мәселелері туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақпарат беріп, Шығыс Қазақстан экономикасының бес базалық бағытын жария етті.

Әлеуметтік салада аймақ халықтың денсаулығын нығайтуға, сапалы білім берудің қолжетімді болуына баса назар бөлуге мүдделі. Әкім сондай-ақ мәдениет пен спорт салалары дамуының жалпы жоспарларын тізімдеп, бұл аса қажетті салалардың материалдық-техникалық базасын нығайту керек екенін атап өтті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласына қатысты айтар болсақ, жалпы алғанда стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудан аймақ экономикасы жылына 1-3 пайыз деңгейінде күтілген қосымша өсім алады, ал жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызға төмендейді. Нәтижесінде, тұрғындардың орташа айлық табыстарының өсуінен 2020 жылға қарай кедейшілік деңгейі 40 пайызға дейін азаяды.

Облыста бар бәсекелестік басымдығын дамыту арқылы тек аймақ экономикасының дамуының жоғары қарқынына қол жеткізілмей, сонымен қатар, облыс тұрғандарының өмірі мен әл-ауқаты дами түседі.