Комиссия сомасы 401 960 мың теңгеге 5 нысан бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Сомасы 163 545 мың теңгеге 41 нысан қаралып жатыр.
«Судан қорғау аймағы, судан қорғау жолағы - заңнамалық және нормативтік түрде түсіндірілді. Аталмыш жер санаты ерекше режімдегі жерге жатады, құрылыс салу кезінде ерекше реттеуді талап етеді. Судан қорғау аймағына шаруашылық қызметінің шектеулі режімі енгізілді. Мұнда арнайы құрылыстардан (арқандар, сумен жабдықтау желілері және т.б.) басқа өзге нысандарды салуға да тыйым салынған, мысалы, автожуу, ТҚКС, зират және т.б., - деді «Ертіс су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу бассейндік инспекциясы» РММ басшысының орынбасары Мирзан Иманжанов. - Комиссияға талаптары заңға қайшы келетін адамдар жүгінуде. Мұндай жағдайда біз өтінішті кері қайтарамыз».
«Біз салынған, бірақ заңдастырылмаған ғимаратты заңдастыру мәселесі бойынша өтініш бердік. Бұл акция - қарапайым, заң аясында қысқа мерзімде, әрі материалдық шығынсыз мүлікті заңдастырудың қолжетімді тәсілі дер едім, - деді қала тұрғыны Оксана Соснина. - бұл азаматтар үшін өте жақсы мүмкіндік болды».
Өскемен қаласы бойынша мүлікті жария ету комиссиясы апта сайын жұма күндері отырыс өткізеді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.