Сағат 12-ге жоспарланған салтанатты ашылу рәсімінен кейін Шығыс Қазақстан облысының спортшылары арасында КСРО чемпионы Ғұсман Қосановқа арналған жеңіл атлетикадан турнир өтеді.
Дәл осы күні жарысты тамашалауға келген көрермендер жаттықтырушылармен әңгімелесіп, манежде жұмыс істейтін спорт секциялары жайында толыққанды ақпарат ала алады. Жүгіру, ұзындық пен биіктікке секіру сынды секцияларда жаттығулар тегін өткізіледі.
Облыстық спорт басқармасының ақпаратына қарағанда, алдағы уақытта Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова осы спорт сарайында әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын болашақ жеңімпаздарды жаттықтыруы мүмкін.