Өскеменде саяжай кооперативіндегі 4 үйді жартылай су басты - су «Безымянный ключ» жылғасы арнасынан асып кетті

ӨСКЕМЕН. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде қатып қалған Безымянный ключ жылғасының суы арнасынан шығып кетті.

«Титан» саяжай қоғамының 4 үйінің аула жер аумағын су басып кетті, деп хабарлады ТЖД. Осы уақытта су басу қаупінің алды алынды. Көпір астындағы жылға арнасы ыстық сумен жылытылып, оны тереңдету жұмыстары жалғасуда. Атап өту керек, аймақта ауа температурасы күр жоғарылап кетті. Қазір термометр көрсеткіші 0 градусты көрсетіп тұр, қар еріп жатыр, бірақ мұз орнында.