Өскеменде «Таблиғи жамағат» жақтаушыларына қарсы сот отырысы басталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменнің №2 қалалық сотында Қазақстан Республикасында тыйым салынған «Таблиғи жамағат» қозғалысы жақтаушыларының өңірдегі қызметі туралы қылмыстық іс бойынша бірінші сот отырысы өтті.

Іс бойынша тыйым салынған ұйымның қызметін ұйымдастырды деген күдік тағылған 34 жастағы Б. Бауыржан және оның 8 сыбайласы өтуде. Олардан елден шықпау туралы қолхат алынған. 

405-баптың 1-бөлімі бойынша айыпталған ер адам осы жылдың 1 тамызында ұсталдын. Қазір уақытша ұстау оқшаулағышында отыр.

Тыңдау барысында мәлім болғандай, тінту барысында одан атқарылған жұмысы туралы жазбалар, аудио- және видеороликтер тәркіленген. Сот процесі ашық режімде өтуде. Тағы 19 куәгерді тыңдау жоспарланған келесі сот отырысы алдағы аптада өтеді. Бүгін қаралып жатқан істің мән-жайы жария етілді. Айыпталушыдан алғашқы жауаптар алынып, оған адвокаттар тарапынан сұрақтар қойылды.