Өскеменде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай жасөспірімдер арасында теннистен халықаралық турнир өтті

КЕМЕН. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Алматылық Томирис Қошмұханова, астаналық Алена Маевская және Сағадат Аян, павлодарлық Мәдір Қалиев Шығыс Қазақстан әкімінің жүлдесі үшін өткен теннистен ашық халықаралық жасөспірімдер турнирінің бірінші жүлделерін жеңіп алды.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл турнирдің жүлделік қоры - 1 миллион теңге болды. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 9 бен 16 жастың аралығындағы 78 жас теннисші қатысты. Олар екі жас санаты бойынша жеке разрядтарда жарысты.

Турнирге «Қазмырыш» ЖШС демеушілік етті. Жарыс қорытындысы бойынша, қыздар арасында 1999 жылы туған және және одан кіші жастағылар санатында Томирис Қошмұханова (Алматы), Анастасия Тимофеева (Өскемен) және Айнұр Сүлейменова (Алматы) алтын, күміс және қола жүлдені жеңіп алса, 1995-1998 жылдар арасындағы туғандардың арасында Алена Маевская (Астана), Анжелика Семьянова (Өскемен) және Милана Имамниязова (Алматы) жүлделі үш орынды өзара бөлісті.

Бозбалалар арасында, 1999 жылы туған және және одан кіші жастағылар санатында - павлодарлық Мәдір Қалиев, алматылық Темірлан Наурызов пен Сүндет Нағымбетов, ал 1995-1998 жылдар арасындағы туғандардың арасында астаналық Сағадат Аян, алматылық Павел Петров және ақтөбелік Дан Дейчер жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.