Облыстық әкімдіктен хабарлағандай, отырыста «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жобасы талқыланбақ. Мәжілісте бағдарлама жобасына қосу үшін облыс жастарының атынан ұсыныстар мен кеңестер талдап жасалады. Сондай-ақ, «Шығыс Қазақстан облысындағы тіл жағдайы» әлеуметтік зерттеу жұмысының таныстырылымы өтеді деп күтілуде.
08:51, 24 Тамыз 2010
Өскеменде тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасының жобасы талқыланады
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде облыс әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбековтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.