ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қатты желден электр сымы үзіліп, әкесі мен баласы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 17 шілде күні Чернов көшесінде болған. Қатты желден электр сымы үзіліп кеткен. Алдын ала дерек бойынша, 74 жастағы ер адам мен 49 жастағы ұлы сымдарды қозғамақ болған кезде тоқ соғып, екеуі де сол жерде көз жұмған.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.