Онда мемлекеттік басқарушылар өскемендік жергілікті өзін-өзін басқару кеңестерін құру бойынша тәжірибелерімен және балалар-жасөспірімдер клубы жүйелерімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дәл осы мәселелерде облыс орталығы ізашар болып табылатыны белгілі.
Семинарға қатысушылар бүгін таңертеңнен бастап бірқатар өзін-өзі басқару кеңестерінде және жасөспірімдер клубтарында, отбасыға қолдау көрсету және еңбекпен қамту орталықтарында, дәрігерлік-әлеуметтік орталықтарында және т.б. болды. Түстен кейін жұмыс сабақ түрінде жалғасты.
Бір айдан кейін өскемендік мемлекеттік қызметшілер тәжірибе алмасу үшін Семейге барады.