Республикалық бюджеттің 97.3 пайызы, жергілікті бюджеттің 93,5 пайызы игерілген.
Былтырғы жылдың мердігерлері көрсеткен жұмыстың сапасына қатысты айтылған сынға тоқталсақ, бұл жұмыстар да аяқталуына жақын қалды. Өзінің жұмысына қатысты салғырттық танытқан жалғыз компания «Ақай» компаниясы болып шықты. Абаттандырылған 291 аула аумақтарының 86-сын осы компания жүзеге асырған, алайда қабылдау комиссиясы бітпеген істерді анықтаған.