Қоларбаларды тасымалдап жүрген жұмысшылар тоңазытқыш тұрған ғимаратқа қарай аммиак жүретін құбырды абайсыздан зақымдап алған. Соның салдарынан 15 литрдей зиянды газ төгіліп қалған. Үш адам зардап шегіп, бірден ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оларды қарап шыққан соң амбулаториялық ем тағайындады.
Мамандардың айтуынша, қойма меңгерушісі дер кезінде құрылғыны істен шығарғанының арқасында үлкен апаттың алды алынды. Қазір оқиға орнында құтқару бөлімшелері мен санитарлық эпидемиолоиялық қызмет жұмыс істеп жатыр. Мекеме ауасы тазартылып, бірнеше сағаттан соң өндірістік үдеріс қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр.