Өскемендегі жарылыс. ФОТО

ӨСКЕМЕН. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - 7 қаңтар күні Өскемендегі жекеменшік тұрғын үйде газ баллоны жарылып, соның салдарынан 60 жастағы ер адам зардап шекті.

Үйдің иесін өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау кезінде тапты. Бетінің термиялық күйіктерін, қолдарының 1-2 дәрежелі күйіктерін (денесінің 2 пайызы), қабырғаларының көптеген сынықтары, жамбасының ашық сынуын алған ол ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Жарылыс салдарынан үйдің сыртқы кірпіш қабырғасы жарым-жартылай құлады, үйдің ағаш құрылыстары, жиһаздары, т.б. жанды.

Өткен аптада құтқару бөлімшелері 19 өртті сөндіріп, 10 апаттық-құтқару жұмыстарын атқарды.