Ардагерлер Фрунзе Елғазыұлы, Мыңғали Мусин, Әутәліп Қалиев және Тұрсынғали Жұмақановқа медальмен қатар қоғамдық келісім мен жас ұрпақты тәрбиелеуге белсенді атсалысқандары үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғысхаты тапсырылды. Мыңғали Мусин қатарластарын «өз күш-қуатына қарай еңбек ете беруге» шақырды.
18:40, 22 Сәуір 2010
Өскемендік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында алғашқы мерейтойлық медальдар табысталды
ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды. Алғашқы медальдар 70-тен астам адамға берілді. Қазір облыс орталығында 597 соғыс ардагері мен 12921 тыл еңбеккері тұрады.