Қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл тізім 1 ақпанға дейін жасақталады.
Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Қанат Башировтың айтуынша, әзірге үш өтініш түскен. Олар - қазы-қарта, жал-жая өнімдерін шығаратын өндіріс, полимер бұйымдар мен металл құрылғылар жасау өндірісі және қалбырланған азық-түлік тауарларының өндірісі.
Қ.Башировтың айтуынша, өтініштердің санына шектеу қойылмайды және олар 1 ақпанға дейін қабылданады. Одан кейін қабылданған барлық жоба-өтініштер облыстық кәсіпкерлік департаментінде қаралады.
Қанат Маратұлының айтуынша, қала экономикасында сұранысқа ие жобаларға басымдық танытылмақ.
Мемлекеттің Бизнесті дамыту аумағын коммуникациялық желілермен және электр қуатымен қамтамасыз ететінін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.