Өскемендіктердің жергілікті билік өкілдеріне арыздануы екі есеге дейін азайды

ӨСКЕМЕН. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен жылы өскемендік атқарушы билік органдарына тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар шамамен 5 мыңға аз болды. Мәселен, 2009 жылы арыз-шағымдардың саны - 13 467 болса, 2010 жылы 8 237-ні құрады.

Сараптама көрсетіп отырғандай, бұндай нәтижеге «Жол картасын» жүзеге асыру, сонымен қатар тұрғындармен жұмыстың жаңа формаларын енгізудің арқасында қол жеткізілді. Бұл туралы қала әкімі Ислам Әбішевтың Өскеменнің Үлбі ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуі барысында айтылды.

Тұрғындармен жұмыстың жаңа формаларының бірі - оқиға орнына бару. 60-тан астам жылжымалы отырыс өткізіліп, жергілікті жерлерде көтерілген пробемалардың 95 пайызына қатысты оң шешім қабылданды.