Шығыс Қазақстан облысының бірқатар нысандарын аралап көргеннен кейін ол арнайы кеңес өткізіп, оның барысында үдемелі индустриялдық даму бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері, мал шаруашылығы, энергия үнемдеу, қазақстандық мазмұн және өзге де инфрақұрылымдарды құру мәселелері талқыланбақ.
Сонымен қатар, Ө. Шөкеев ветеринария мен ет малы шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша Ауылшаруашылығы министрлігінің алқа жұмысына қатысады.
Ертең, 11 қарашада оның қатысуымен ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың басшылығымен селекторлық кеңес өткізіледі.