Бұл туралы бейсенбі күні полициядағы дерек көзге сілтеме жасап поляктың ТВН 24. жаңалықтар телеарнасы хабарлады.
Жазуды ұрлаған қылмыскерлердің оны Польшаның оңтүстігінен солтүстікке қарай, жүздеген шақырым жердегі Балтық жағалауы ауданына апаруы осы жайтты түсіндіреді. Олар темір жазуды дәл сол маңнан теміз паромына тиеп, тапсырыс берушіге жеткізуді ойлаған, дейді телеарна.
Тарихи жазу үшін қылмыскерлер 10 мыңнан 30 мың еуроға дейінгі аралықта сыйақы алатын болған.
Поляк полициясы осынау қылмысты ұйымдастыруда арағайын болған швед азаматының тұлғасын анықтаған. Бірақ оның аты-жөні әзірге жарияланбай отыр.