деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
«2010 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің деректері, ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 18813,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2009 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 34,4 пайызға өсті», делінген ҚР Статистика агенттігінің бүгінгі таратқан хабарламасында. Оның ішінде экспорт - 13458,3 млн. АҚШ долларын құрап, 67,9 пайызға өссе, импорт - 5354,9 млн. АҚШ долларын құрап, 10,5 пайызға азайған.
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 870097,4 млн. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 10,9 пайызға өсті. Ал, көтерме сауда тауар айналымы 1922443,5 млн. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 13,3 пайызға артты.