«Ойлау әдісін өзгерту керек. Ел ішіндегі, облыс немесе аудан ішіндегі бизнестен жаңа сапалы деңгейге көшетін кез келді, енді made in Kazakstan өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге шығару қажет», - деді Қ. Өскенбаев.
Бірінші вице-министр айтып өткендей, соңғы үш жылда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін КО елдеріне экспорттау 1 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстанның Ресей және Беларусьпен тауар айналымы 24 млрд. доллардан асып түсті.
Сонымен бірге, Қазақстандағы жағымды бизнес ахуал, ӨДМ мәліметінше, басқа елдерден инвестициялардың артуы факторына айналып келеді. Сонымен, өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялар көлемі 2009 жылдың 1,8 млрд. долларымен салыстырғанда 2012 жылы 3,4 млрд. долларға жетті.