«Біз, солтүстікқазақстандық жастар, Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті сайлауындағы жеңісін бірге атап өту үшін жиналдық. Біздің Президент - болашағымыздың тұрақтылығының кепілі. Біз Отанымыздың гүлденуі үшін бар күшімізді салуға дайынбыз. Бүгінде елімізде жастар үшін барлық жағдайлар жасалған. Біз шетелде оқуға, жоғары білім алуға мүмкіндік алып отырмыз. Осының барлығы үшін Президентімізге алғыс білдіреміз», - деді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті Анара Жанпейісова.
Ерекше акцияға 500-ге жуық солтүстікқазақстандық азамат қатысқан.