Өткен айда ел экономикасындағы инфляция 3,9 пайызды құрады - ҚР Премьер-Министрі
15:28, 05 Қазан 2012
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Өткен 9 айда ел экономикасынағы инфляция 3,9 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
«Өткен 9 ай ішінде инфляция 3,9 пайызды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш осы кезеңде 6,2 пайызға тең болатын», - деп атап өтті Үкімет басшысы.