Өткен айда елімізде экономиканың жекелеген сегменттерінде баға өзгерді - Статистика агенттігі

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылғы мамырда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, агенттік мәліметтеріне сәйкес 2013 жылғы мамырда инфляция 0,2 пайызды құрады. Бұдан бөлек, баға көтерме саудада бір ай ішінде - 0,6 пайызға, құрылыста 0,1 пайызға өскен. Ал өнеркәсіпте - 4,3 пайызға, ауыл шаруашылығында - 1,2 пайызға төмендеді. Тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне 0,8 пайызға төмендесе, ал пошталық және курьерлік және жүк көлігімен тасымалдау қызметтері өзгерген жоқ.