Кеше Астанада өткен Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында (Жалпыұлттық кеңес) Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, профессор Хангелді Әбжанов осылай мәлім етті.
Ғалым атап көрсеткендей, тарихты оқыту, зерттеу және насихаттау ісіндегі іркілістерді тек сыртқы фактормен ғана байланыстыруға болмайды.
«Бүгінде тарихшылардың, яғни біздердің, әлемдегі жаңғыру қарқынына ілесе алмай қалатынын мойындау қажет. Шыны керек, кәсіби-әлеуметтік тұрғыда кемелденіп, жетілудің орнына осыдан 15-20 жыл бұрыңғы білім қорымен жүрген әріптестеріміз бар. Өкінішке қарай, оларды әлі күнге дейін ғылыми-зерттеу интистиутында кездестіруге болады. Ежелгі және орта ғасырлық тілдерді білетін тарихшылар жоқтың қасы. Соған қарамастан, тарихтың өзекті тақырыптарына том-том зерттеу жазатындар пайда болды. Ұлттық тарих ғылымының абыройын асқақтатқан Әлкей Марғұлан, Ермұхан Бекмаханов, Сапар Ибрагимов, Бек Сүлейменов, Едіге Масанов, Мадияр Елеуов, Әбді Тұрсынбаев сынды тарихшылар үйін қонағы билемеген еді. Жақсылық көрсек те, жамандық көрсек те, өзімізден болып тұр», - дейді Х.Әбжанов.