деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Мәселен, 19 желтоқсан күні сағат 20-00 шамасында Ақтау стансасының ЖІІБ-не Астана қаласында тұратын 1981 жылы туған «Эйр» АҚ-ның жолсерігі шағымданды. Оның атап өтуінше, «Атырау-Ақтау» бағытымен ұшатын №181 рейс бортында Ақтау қаласында тұратын 1978 жылы туған, ішімдік ішкен азамат балағаттап, жағынан тартып жіберген.
Ал 18 желтоқсан күні сағат 21-30 шамасында Петропавл стансасының теміржол вокзалындағы полиция бөлмесіне СҚО-да тұратын 1984 жылы туған азамат жеткізілді. Ол ішімдік ішкен күйі, бұзақылық әрекетпен Петропавл стансасының теміржол вокзалында жарылғыш заттың орнатылғаны туралы хабарлаған. Тексеріс барысында мәліметтің жалған екені анықталды.