тағы тоғыз адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Атап айтқанда, Алматы облысының Жаркент қаласында бейсенбі күні сағат 14.00-те «Мазда» және «КамАЗ» көліктері соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы ауруханаға түсті.
Осындай келеңсіз жағдай Қарағанды облысында да тіркелді. Алматы-Екатеринбор тас жолының 1048-ші шақырымында сағат 18.00-дерде «БМВ» және «Мерседес» көліктері соқтығысып, екі жүргізуші мен «БМВ»-ның бір жолаушысы сол жерде көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Шығыс Қазақстан облысында «Бородулиха-Жезкент» тас жолының 26-шы шақырымында сағат 21.50-де «Тойота» көлігі аударылды. 36 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, екі жолаушы ауруханаға түсті.
Ал Орал қаласында Еуразия және Достық даңғылдарының қиылысында сағат 11.25-терде «Фольксваген» машинасы екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 55 жастағы әйел тіл тартпай кетті, 19 жастағы бойжеткен ауруханаға түсті. Осындай оқиға Қызылорда қаласында да орын алды. Кенесары көшесінде сағат 14.40-та «Опель» көлігінің жүргізушісі 4 жасар бүлдіршінді қағып кетті. Бала сол жерде көз жұмды.