Сонымен қатар ел аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде болған 639 адам қолға түсті. Бұл мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен жедел ақпарат алмасудың тиімділігін айқын көрсетеді.
Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. Қылмыскерлерді іздестіру және ұстау — ведомство қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. 2025 жылы түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 1 600-ден астам адам ұсталды.
Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру саласында да елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. 2025 жылы жоғалған деп есептелген 20 мыңнан астам адамның жүрген жері анықталды, олардың 6 мыңнан астамы — балалар.
Айта кетелік ҰҚК Шекара қызметі былтыр 75 млрд теңгеден астам залалдың алдын алған еді.