«Ағымдағы жылдың 11 айында банктердің сыртқы қарыз көлемі 11,2 млрд. АҚШ долларына немесе 40 пайызға төмендеді және қазіргі таңда 16,6 млрд. АҚШ долларын құрайды», - деді ол.
Ұлттық банк төрағасы орынбасарының атап өтуінше, еліміздің жалпы сыртқы қарызы фирмааралық қарыздарды есепке алмағанда жыл басынан бері 14,1 пайызға төмендеп, өткен жылдың 30 қаңтардағы жағдай бойынша 55,3 млрд. АҚШ долларын құраған.
Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына баға коньюктурасының жақсы болуына орай төлемдік баланстың жақсара түскенін атап өткен ол: «Біздің бағалау бойынша 2010 жылы төлемдік баланстардың ағымдық операциялар есебі 3 млрд. АҚШ долларынан кем емес деңгейдегі профицитпен қалыптасты», - деді.