Өткен жылдың қорытындысына сәйкес өнеркәсіптік өндіріс көлемі 11,8 трлн. теңгені құрады

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Өткен жылдың қорытындысына сәйкес өнеркәсіптік өндіріс көлемі 11,8 трлн. теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әсет Исекешев мәлім етті.

Өз сөзінде ведомство басшысы өткен жылы шығарылған өнімнің физикалық көлемі 10 пайызға артқанын атап өтті. Сондай-ақ соңғы жылдарда алғаш рет шикізаттық емес сектордың даму қарқыны байқалып отырғанын баса айтты.

«Мәселен, тау-кен өндірісі өсімі 2009 жылмен салыстырғанда 5,3 пайыз, өңдеуші өнеркәсіп өсімі 18,4 пайызды құрады. Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 11,7 пайызға артты», - деді Ә.Исекешев.