Жұмыссыздар қатарында есепке алынғандар еңбекке белсенді адамдардың 0,4 пайызын құрайды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен. Екі қолға бір күрек таппағандардың 1198-і ауыл тұрғындары болса, 1310-ы әйелдер. Жыл ішінде 862 адам жұмысқа орналастырылған, ал 81-і ақылы қоғамдық шараларға тартылып отыр. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәліметтерге сәйкес 4 кәсіпорын жұмысын тоқтатқан, 15 адам жартылай жұмыс күніне қабылданса, үшеуі уақытша демалысқа жіберілген.
15:59, 20 Қаңтар 2011
Өткен жылдың соңында 1954 адам жұмыссыздар ретінде есепке алынды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, өңірде өткен жылдың соңында жұмыссыздар қатарында 1954 адам есепке алынды, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 323 адамға аз.