Алматы облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Берік Қожамбердиевтің брифингіде хабарлағанындай, 2009 жылы облыс полицейлері 16 мың 382 шетелдік азаматтарды жауапкершілікке тартқан, бұл 2008 жылға қарағанда 0,4 пайыз артық. Ел аумағынан 2 мың 665 шетелдік шығарылды.
«Біздер сонымен қатар, өз азаматтарымыздың шетелдік азаматтарға қатысты қылмыс жасауына жол бермеуге жауаптымыз. Өткен жылы облыс аумағында 5 шетелдік азамат тоналды, кезінде ол қоғамдық пікір туғызды. Бұл қылмыстардың барлығы да қысқа мерзімде ашылғанын айта кеткен орынды», - деді Б.Қожамбердиев.