Бұл туралы Алматы әкімдігінде болған өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысына арналған отырыс барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен жылы бұнымен қатар 50 гектардан астам аумақты құрайтын 1 саябақ пен 6 гүлзар қайта жөндеуден өткізілген. Бұнымен қатар құрылысы тоқтап қалған аумақтар гүлзарлар мен автокөлік тұрақтарына айналдырылған.
Соңғы жылдары Алматыда ауаның ластану көрсеткішін төмендету мақсатында 12 бағдарла жүзеге асырылуда. Өткен жылы да бұл бағдарламалар аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылған. «Өзендер мен суқоймалар» бағдарламасы аясында Есентай, Ботбайсай, Шыбынсай, Кіші Алматы өзендерінде жалпы көлемі 24, 805 шақырымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 13 субұрқақ қайта қалпына келтірілген. Автокөліктерден улы газ бөлінуін және автокөлік майларының сапасын тексеру де қатаң бақылауға алынған. Соның нәтижесінде өткен жылғы ауаның ластану көрсеткіші азайғаны байқалады.
Отырыс барысында қала әкімі құзырлы орындарға бұл бағыттағы жұмысты дамытуды, ауаның ластануына басты себепкерлер - автокөліктер мен ЖЭС және жеке тұрғын үйлерді ескере отырып, арнайы бағдарлама қабылдауды тапсырды. «Қалаға сырттан келетін көліктерді шектеу қажет. Жеке секторды газдандыруды, сондай-ақ мүмкіндігінше 9 қосымша стансылардың құрылысын аяқтап, «Медеу», «Шымбұлақ» нысандарын 100 пайыз қамтамасыз ету керек», деді қала әкімі. Бұнымен қатар ол Азияда ойындары өтетін нысандарды тек спорттық нысандар ретінде ғана емес, мәдени, ойын-сауық ойындарына айналдыру стратегиясын ойластыруды тапсырды. Қала әкімінің айтуынша, бұл Азия ойындары аяқталған соң қалада туризмді дамытуға, аталған нысандарды бұл бағытта тиімді пайдалануға қажет.