Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, анықталған ақшаның 386-сы – банкнота, 5-уі – монета (1-суретте).
Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға аз (1 577 400 теңгеге барабар 519 жалған ақша белгісі).
Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан мына банкноталардың қолдан жиі жасалатыны белгілі болды: 2000 теңге – 238 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 60%-ын құрайды), 10 000 теңге – 55 дана (14%), 500 теңге – 50 дана (12,8%) (2-сурет).
Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматыда анықталды – 255 дана немесе жалпы санының 65,2%-ы. Қалған өңірлерде 136 дана немесе жалпы санының 34,8%-ы.
Қазақстанда жалған банкноталар негізінен компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі-түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдана отырып жасалған. Қолдан ақша жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады .
Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тегі ресми аккаунтында танысуға болады.