Осы жайында бүгін Мұнай және газ министрлігінің өткен жылдағы қорытындысына, сондай-ақ биылғы жылдың мақсаттарына арналған алқа мәжілісінде таратылған мәліметтерде айтылды.
Атап айтқанда, тауарлы газ өндіру көлемі 21,1 млрд. текше метрге жетті. 2009 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 7,1 пайызға жоғарылады. Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2010 жылы газ тасымалдау жүйесін дамытуға, сондай-ақ халықты газбен қамтамасыз ету нысандарын салуға республикалық бюджеттен 12,1 млрд. теңге бөлінді.