деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халық қалаулылары бұл қаржының басым бөлігін медицина қажетіне, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, кадр біліктілігін арттыру мақсатына жұмсауға ұйғарды. Сонымен бірге Көкшетау қаласында 320 орындық балабақша салу, қан орталығы мен қалалық емхана құрылыстарын аяқтауға, нөмірі екінші аудандық бу қазандығының техникалық жағдайын жақсарту көзделген. Тиісті қаржының мақсатты игерілуін депутаттар фракциясы өз бақылауына алады.