Өткен жылы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясына 1,9 млрд. теңгеге айып салынды - Н.Әшімов

АНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясына экологиялық заңнамаларды бұзғаны үшін 1,9 млрд. теңгеге айып салынды.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрғали Әшімов мәлім етті.

Министр атап көрсеткендей, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандары «КПО»-ның жұмысына жоспардан тыс тексерістер жүргізіп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде 1,9 млрд. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

«2010 жылы экологиялық заңнаманың сақталуына барлығы 1059 тексеру жүргізіп, 8500-ге жуық бұзушылық анықталды. Олар бойынша 8402 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 5,8 млн. теңгеге 8366 әкімшілік айыппұл салынды», - мәлім етті Н.Әшімов.