«2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақтылауды есепке алғанда мемлекеттік бюджет кірісі 101,5 пайызға орындалды», - деді Б. Жәмішев.
Министрдің атап өтуінше, негізгі кіріс көздері бойынша жоспар орындалды. Сонымен бірге корпоративтік табыс салығы бойынша факті жоспардың 96,3 пайызы деңгейінде қалыптасты. Егер бюджет нақтыланбағанда онда орындалуы 75,2 пайыз деңгейінде болар еді.
«Корпоративтік табыс салығы түсімдерінің азаюына әсер еткен және бюджетті нақтылау барысында түсініктеме берілген факторлардың бірін атап өтейін. Жыл бойы металға әлемдік баға тұрақсыз болды. Соның салдарынан өндіру мен сату көлемдері төмендеді»,-деді Б. Жәмішев.
Министрдің алға тартқан деректеріне қарағанда, өткен жылдың 11 айында қорғасын - 22,4, мырыш - 12,7, мыс - 11,2, аллюминий - 16,4, феррохром 11 пайызға арзандаған. Осыған байланысты ірі кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығы 2011 жылмен салыстырғанда төмендеген.