Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов хабарлады.
19 жастағы қылмыскер ағымдағы жылдың қаңтар айында өзінің сыбайласымен келісе отырып, курстас жолдасының пәтеріне заңсыз кірген. Оны қарумен қорқытып, жалпы сомасы 2 миллионнан астам теңгеге бағаланған зергерлік және коллекциялық бұйымдарды, сондай-ақ ұялы телефондарды алып кеткен. Арнайы операцияны өткізу барысында қылмыскер қолға түсті. Барлық заттай айғақтар: тапанша мен ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі кезде қылмыскердің сыбайласын ұстау бойынша тиісті шаралар қолға алынды.