Өз сәбиін өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды - Павлодар

ПАВЛОЛАР. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Байет ауылының тұрғынын 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінде көрсетілген балаға ауыр зардап әкелгені үшін жазаға тартылып отыр.

Мас болған 30 жастағы ер адам аса қатігездікпен өзінің алты айлық қызы Жанерке Аманжанқызын басынан бірнеше рет жұдырықпен ұрып жібереді, сондағы себеп -әйелі қызды бөтен адамнан өмірге әкелді деген күдік. Алған жарақатынан күнәсіз сәби сол жерде көз жұмады.

Сот отырысында ер адам өз қылмысын мойындамаған, «мен қызымды өлтірген жоқпын, оны ұрған да емеспін, әйелім оны өз қолынан құлатып алды», - деген.

Қылмыскердің жазасы медициналық сараптама арқылы, куәгерлер мен соттың басқа да материалдары арқылы дәлелденді.

Қылмыскер енді апелляциялық шағым түсіруге құқылы.