Өз жерін бірнеше рет сатып, жұртты алдаған алаяқ әйел сотталды

ОРАЛ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Өз жерін бірнеше рет сатып, жұртты алдаған алаяқ әйел сотталды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Аманкелді Шахиннің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Б.Есенова 10 сотық жерін әуелі Р.Стамғазиев деген азаматқа сатады. Сосын ауыл азаматының жер телімін жылжымайтын мүлік орталығына тіркетпегенін біліп, нотариусте құжаттың көшірмесі арқылы заем шартымен А.Ашықов, Б.Өтесіноваларға және «сатып» жібереді. А.Ашықов соттасып жүріп өз ақшасын (896 мың теңге) қайтарып алады да, жерге таласып, сот алдына келген Б.Өтесінова мен Р.Стамғазиев бітімгершілік келісімге келіп, жер телімін 5 сотықтан бөлісіп алуға мәжбүр болады. Орал қалалық соты Б.Есенованың мүлкін тәркілеп, бес жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.