Өзбекстан азаматы жаяу жүргіншіні қағып кетті - Атырау

АТЫРАУ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Атырауда Өзбекстан азаматы жолаушыны қағып кетті. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз оқиға Жылыой ауданында Атырау-Бейнеу тас жолында орын алған.

«Тойота-Прадо» жүргізушісі - Өзбекстан Республикасы Бұхара облысының тұрғыны басқару тетігіне ие бола алмай, жолаушыны қағып кетті. Зардап шеккен 51 жастағы жергілікті тұрғын оқиға орнында жан тапсырды. Көлік жүргізушісі тұтқындалды. Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізілуде.