Сонымен қатар, құжатта ӨР президенті Шавкат Мирзиеев Mirzo Ulugbek Innovation орталығы жанынан «блокчейн» технологиясы бойынша арнайы орталық құру жөніндегі ұсынысты мақұлдағаны айтылады. Орталықтың мақсаты - «блокчейн» технологиясының мүмкіндіктерін пайдаланып, аталмыш технологияны игерген отандық мамандарға қолдау көрсету.
Сонымен бірге, ӨР президенті қолма-қол ақшасыз төлем технологиясы мен PayPal, Alipay, Visa және Mastercard сияқты халықаралық жүйелерді дамытуға күш салу жөнінде тапсырма берді. Аталған бағыттағы жұмыстар 2018 жылдың 1 маусымына жоспарланған.