Бұл туралы Өзбекстан Президенті сенбі, желтоқсанның 5-інде республика Конституциясының қабылдануының 17 жылдығына арналған салтанатты жиналыста мәлім етті.
Ел Президенті өз сөзінде сондай-ақ, ағымдағы жылы жүзеге асырылған және 2 триллион 612 миллиард сум жұмсалған «Ауылды дамыту және абаттандыру жылының» қорытындысын шығарды.
Өзбекстан башысы сонымен қатар, мемлекеттің 2010 жылы жүзеге асыратын қызметтерінің негізгі бағыттарын атап көрсетті. «2010 жылдың мемлекеттік бюджетінде денсаулық сақтау саласына 1 триллион 700 миллиардтай сум (1 миллиард 128 миллион доллар) қарастырылған, бұл сома 2009 жылғы көрсеткіштен 30 пайызға көп. Жалпы алғанда, келесі жылғы мемлекеттік бюджеттің 50 пайыздан астамы денсаулық сақтау мен білім беру саласын дамытуға жұмсалмақ. Мұның барлығы мемлекеттің салауатты және жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне деген ықыласын көрсетеді»,- деп атап көрсетті Ислам Кәрімов өз сөзінде.
Салтанатты жиналыс мерекелік концертпен аяқталды.