Өзбекстан Президенті елдің төрт облысына жаңа басшы тағайындады

ТАШКЕНТ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов елдің төрт облысының басшыларын тағайындады,

деп хабарлады «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Жұма, қаңтардың 15-і күнгі Президент Жарлығымен Рустам Холматов - Ташкент облысының хокимі, Турабжон Жураева - Сурхандария облысының хокимі, Ойбек Ашурматов - Сырдария облысының, ал Уктам Барноев -Самарқанд облысының басшылары болып тағайындалды.

Бұған дейін хабарлағандай, бейсенбі күні Қашқадария, Жызақ, Бұқара және Әндіжан облыстарында да кадрлық өзгерістер жасалған болатын.