Өзбекстан Президенті Ресейге ресми сапармен барады

ТАШКЕНТ. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевтің шақыруымен сәуірдің 19-20-сы күндері Ресей Федерациясына ресми сапармен барады.

Бұл туралы өзбек бұқаралық ақпарат құралдары хабарлауда.

Сапар барысында өзбек-ресей ынтымақтастығын кеңейту мәселелері, өзара мүдделі аймақтық және халықаралық мазмұндағы өзекті проблемалар талқыланбақ. Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі мемлекеттің түрлі салалардағы өзара іс-қимылдарын тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.