ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан тарапы жағдайдың күрт шиеленісуіне алаңдаушылық танытып отыр. Көршілес елдің Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты осындай мәлімлеме жасады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
«Өзбекстан Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне алаңдаулы. Қақтығыстың арта түсуі бүкіл халықаралық қауымдастық үшін теріс салдарға, аймақта қауіп-қатердің еселенуіне әкелуі ықтимал деп санаймыз. Қарсылас тараптарды ұстамдылық танытуға және жағдайды одан әрі шиеленістіретін әрекеттерге бармауға шақырамыз», - делінген Өзбекстанның сыртқы саяси ведомствосының мәлімдемесінде.
Өзбек тарапы халықаралық нормалар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне сәйкес, қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.https://mfa.uz/ru/press/news/2024/zayavlenie-mid-respubliki-uzbekistan---36418
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.