Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық тағайындаулар жасалды

ТАШКЕНТ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов елдің сыртқы саяси ведомствосында кадрлық тағайындаулар жасады,

деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы «Жахон» ақпарат агенттігі.

Президент И.Кәрімовтың қаңтардың 20-сы күнгі Қаулысымен Абдуләзіз Камилов Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Жахон» агенттігінің хабарлауынша, 2003 жылдың қазан айы мен 2010 жылдың қаңтар айының аралығында А.Камилов Өзбекстанның АҚШ-тағы Елшісі болған.