Бұл жөнінде Өзбекстандағы балалар спортын дамыту қорының қорғаншы кеңесінің отырысында ел президенті Ислам Каримов мәлімдеген.
«Өзбекстанда 14 жастағы ұлдардың бойының өсуі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартына сәйкес келеді. Нақтылай кетсек, 14 жастағы ұлдарымыз бен қыздарымыздың бойының өсуі орташа алғанда соңғы 10 жылда 2,8 сантиметрге ұзарған», - деп атап өтті И.Каримов.