2011 жылдың тамызында Әлия жұмыспен қамту орталығына келді. Онда оған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен «фармацевт» мамандығы бойынша 12 188 теңге көлемінде шәкіртақы төленетін үш айлық курстан өту ұсынысы жасалды.
Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушысы болған Әлия емтихандарды сәтті тапсырған соң, жергілікті дәріханаға фармацевт ретінде жұмысқа алынды.
«Мен жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқаныма өте ризамын, ол маған жаңа мамандық иесі атануға, жұмысқа орналасуға көмектесті. Бүгін мен өзіме сенімдімін, ата-анама көмектесе алдым, болашақта кәсіби біліктілікті жоғарылату курстарынан өткім келеді», - дейді Әлия.